Жетісайда жыл басынан бері карантин талабын сақтамаған 150-ге жуық нысан анықталды
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпаарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында карантин талабын сақтамаудың 150-ге жуық жайты анықталды.
Барлық кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындарға қатысты іс-құжаттар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин талаптарын бұзу деректері аудандағы дәмхана-барлар, мейрамханалар мен тойханалар және бильярд пен компьютерлік ойынхаларда анықталған. Яғни, осы ойын-сауық орындары белгіленген уақытқа қарамай, келушілерді қабылдаған. Сонымен қатар ондағы қызметкерлер бетпердесіз жүрген. Мәселен, Асықата кентінде орналасқан компьютер клубында 10-нан астам адам болған. Олардың біразы бетперде тақпаған. Жетісай қаласындағы мейрамханалар да белгіленген уақытта жабылмастан, ашық тұрғаны анықталған. Рейд кезінде кезекті бильярд клубы мен ойын-сауық орындарында карантин талабы сақталмаған. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ғимаратты жалға алып, адамдарға қызмет көрсеткендерге қатысты іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Жетісай аудандық СЭББ-ға жолданды.