Жетісайлық диқандар биыл 457 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз жинады

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай ауданындағы диқандар күзгі жиын-терін жұмысын аяқтауға таяп қалды. Шаруалар биыл 457 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісайлық диқандар биыл 457 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз жинады

Жалпы аудан бойынша 12 500 гектар жерге қауын егіліп, одан 355 мың тонна өнім жиналған. Сондай-ақ, 3 800 гектар жерден 102 мың тоннадан астам өнім алынған. Бұл еліміз бойынша ең үздік көрсеткіш.

Ал, жиналған бақша өнімі ел аумағынан бөлек Ресей, Латвия, Беларусь, Молдовия, Эстонияға сатылған.

Айта кетейік, өткен жылы Жетісай ауданы бойынша 15 750 мың гектар аумаққа бақша дақылы егілген.