Жетісайлық диқандар егін егуде жаңа технологияны қолданады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жетісайлық диқандар егін егуде жаңа технологияны қолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісайлық диқандар егін егуде жаңа технологияны қолданады

Биыл Жетісай ауданының диқандары егін егуде жаңа технология қолданып, ғылыми жаңалықтарды қолданысқа ендіреді.

Бұл жоба ең алдымен суды үнемдеуге үлкен мүмкіндік бермек.

Бүгін ашық аспан астында семинар өтіп, диқандарға жаңа тәсілдің қыр-сыры түсіндірілді.

Жиында лазерлі тегістегіш арқылы шаруаларға ағын суды үнемдеу мен мақтаның «Мақтаарал-5027» жаңа тұқымының тиімділігін таныстырылды.

«Лазерлі тегістегіш тәсілін қолданған соңғы 3 жылда жер айдауды тоқтатқанбыз. Жерді тегістеп, 2-3 мәрте алатын жазғы суымызды да бір-ақ рет аламыз. Қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу кезінде жерді 70-80 сантиметрге дейін терең қопсытып, 10-15 сантиметріне дейін су қоямыз. Бұған дейін қысқы сор шаю жұмыстары кезінде гектарына 8 текше метрге дейін ағын су пайдалансақ, қазір гектарына 3,5-4 текше метр ғана су пайдаланамыз. Мұндай әдісті 7-8 жылда бір қолдану керек» дейді ол.

Семинар барысында мақта зиянкестеріне төзімді «Мақтаарал-5027» жаңа сортының таныстырылымы өтті.

Мамандардың айтуынша, 117-119 күнде пісетін мақтаның өнімділігі гектарына 42-45 центнерді құраса, талшық шығымдылығы – 38,7%.

Жаңа сортты айналымға енгізу арқылы аса қауіпті зиянкестерге қарсы өңдеу шығыны азаяды.

Мақта өнімділігін арттыра отырып, қосымша табысты гектарына 160 мың теңгеге жеткізуге болады.