«Жетісу-2009» халықаралық жаттығуы өтуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаттығудың тақырыбы - «Жойқын жер сілкінісінің салдарын жою кезіндегі халықаралық құтқарушы бөлімдердің іс-қимылдары» деп аталады.
Жаттығуға ТМД, Еуропа мен Азияның 20 елінің төтенше жағдайлар жөніндегі ведомстволарының мамандары, НАТО мен Апаттарға үн қату жөніндегі еуроатлантикалық орталығының әскери күштері қатысуда.
Бірлескен жаттығулар барысында жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі ұлттық және халықаралық басқару органдары мен апаттық-құтқару құрылымдарының өзара іс-қимылдарының тетіктері, сондай-ақ құтқарушылардың төтенше жағдайда әрекет етуге дайындықтары тексеріледі.