«Жетісу» арнасы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бермек

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы "Жетісу" арнасы көмекке зəру жандардың еміне қолын ұшын бермек. 
None
None

Осыған орай арна ұжымы арнайы қайырымдылық концертін ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылар шарадан түскен қаржыны теңдей етіп, екі адамға табыстамақ ниетте. Бірі - қос бүйрегі бірдей істен шыққан  талдықорғандық Бижамал Еңсебаева. 24 жастағы Бижамалға донор қажет. Қазір бүйрегін беруге ниетті жандар хабарласу үстінде. Алайда, отбасының қолы қысқа. Бижамалдың зейнет жасындағы анасы ғана бар. Бұл туралы ҚазАқпарат бұған дейін де жазған болатын . Қаражаттан тарыққан жанұя мүшесі жергілікті арнаның қолдауына ие болды.

 

Ал екіншісі - сал дертіне шалдыққан Мансур есімді бала. Жас отбасының тұңғыштарына да арна  көмек көрсетпек ниетте.Жалпы, қайырымдылық шарасынан 300 мың теңге көлемінде қаржы түседі деп жоспарлануда.


"Концерт ерекше форматта өтеді. Келушілер бірігіп əн шырқап, тамаша көңіл-күйге  бөленеді деген сенімдеміз. Бұл шара арнамыздағы "Əн шырқайық" бағдарламасының бір жыл толуына орай ұйымдастырылып отырғанын  атап өткім келеді»,  -деді  арнаның продюсері Гүлжан Қызайбаева.

Айта кету керек, концерт бүгін сағат 17:00 басталады.

Соңғы жаңалықтар