Жетісу дихандары Астанаға арзан ет, балық, көкөніс әкелді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері Астанаға 340 тонна өнім жеткізді. Жәрмеңке «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатыр.

 Жетісу дихандары Астанаға арзан ет, балық, көкөніс әкелді

Облыстың 16 ауданы, үш қаласы және «Жетісу» ӘКК 160 млн теңге болатын ауылшаруашылығы өнімін әкелді. Елорда қонақтары мен тұрғындарына ауылшаруашылығы өнімінің 38 түрі ұсынылады: ет және ет өнімдері, балық, жеміс-жидек пен көкөністер, сүт өнімдері, жұмыртқа, азық-түлік және кондитерлік өнімдер. Жәрмеңке Бауыржан Момышұлы даңғылының бойындағы Оқушылар сарайы аумағында 10-11 қыркүйек күндері өтеді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі тауарлар құны қаладағы жекелеген бағадан 15-20 пайызға арзан. Жәрмеңкеге қойылған барлық өнім ветеринарлық және санитарлы-эпидемиологиялық тексеруден өткен. 

null null null null null null null