"Жетісу" командасы волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда желтоқсанның 11-12 күндері волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті.
Жартылай финалда Алматы облысының «Жетісуы» астаналықтарды 3:0 (25-13, 25-12, 25-15) есебімен ұтса, қарағандылықтар Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромына» 0:3 (21-25, 20-25, 14-25) есебімен есе жіберді. Ақтық сында жетісулықтар павлодарлық құрбыларын 3:1 (23-25, 25-22, 25-21, 25-16) есебімен ұтып Қазақстан кубогын иеленді. Ал үшінші орын үшін болған ойында Астана қыздары «қарағандылықтарды» 3:0 (25-19, 25-21, 25-22) есебімен ойсырата ұтып, қола жүлдегер атанды.