«Жетісу» компаниясы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге алты автокөлік сыйлады
АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Бүгін Алматыда «Жетісу» ӘКК Ұлттық компаниясы ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 6 автокөлік сыйға тартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған корпорация бұған дейін де Алматы облысының ауыл шарушалығы өнімдерін өндірушілеріне техникаларды сыйға тартқан болатын. «Жетісу ӘКК» компаниясы директорының орынбасары Ахмет Ұлтарақовтың сөзіне қарағанда, сол игі шара жалғасын табуда.«Бұл бір күндік акция емес, шара аясында барлығы 70-ке жуық техниканы ауыл шаруашылығы қожалықтары мен өндірушілеріне тегін бермек ойдамыз», - дейді А.Ұлтарақов.Оның айтуынша, техникаларды сыйға алған шаруа қожалықтары күзге қарай өз өнімдерін халыққа 20 пайызға төмен бағамен береді. Ал өнімдерді сату үшін қаладағы ірі сауда орталықтарына 200-ге жуық тоңазытқыштар орнатылмақ.