17:31, 10 Мамыр 2023 | GMT +5
Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова өз еркімен жұмыстан кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат тілшісіне ақпаратты Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі растады.
«Ақпаратты растаймыз. Айжан Адамбекова өз еркімен жұмыстан кетті», - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айжан Маманқызы облыстық білім басқармасының басшысы болып 2022 жылдың 18 тамызында тағайындалған.
Айта кетейік, Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге парамен ұсталған болатын.
Бұған дейін прокуратура талдықорғандық есепшілердің ұсталғанын растады.
Кейін миллиардтаған теңгені ұрлаған талдықорғандық есепшінің ісіне Антикор араласты.
Антикор Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлерінің сөмке-сөмке ақшамен ұсталған видеосын жариялады.