Жетісу облысында 13 мыңнан аса бала лагерьде тегін демалады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында әлеуметтік санаттағы 13 мыңнан аса бала жазғы сауықтыру лагеріне тегін жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.
None

Жетісу облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Башаровтың сөзінше, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 622 миллион теңге бөлінген. Осыған байланысты аудан және қалалық әкімдік конкурс жариялады. Жақында оның толық қорытындысы шығады. Жалпы өңірде 10 лагерь жұмыс істейді. Соның алтауы мемлекет меншігінде болса, төртеуі жекеменшік. Арнайы мекемелермен қатар әрбір мектеп жанынан лагерь ашып, оқушыларды түрлі шараға жұмылдыру көзделген. Сонымен қатар ата-аналар есебінен де тынықтыру және тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

«Лагерь маусым айынан басталып, тамыз айының ортасына дейін жалғасады. Қамтылатын бала саны - 103 мың», - деді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Башаров.


Соңғы жаңалықтар