Жетісу облысында 2 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды

Орта және шағын бизнеске кедергі келтірген 43 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал агроөнеркәсіп секторында 40-тан астам шаруа 800 млн теңгеге жуық субсидиялық төлемдерін ала алмай жүр. Жекеменшік балабақшада қызмет ететін педагогтер мемлекеттік қолдаудан қағылып отыр.
Жол жөндеу жұмыстарының сағызша созылуынан туризм саласындағы кәсіпкерлер шығынға батқан. Кәсіпкер мәселесін жылдам шешу үшін құқық қорғау органдары өкілдерінен тұратын мобильді топ құрылды.
«Мобильдік топтың құрылымы осы біздің өңірдің тұрғыны, әр кәсіпкер қай жерде болсын, сол мобильді топқа кіріп, хабарласып, құқығының бұзылып жатқанын айтып, көрсетсе біз шара қолдануға дайынбыз», - дейді Жетісу облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Айдын Әкімханов.