Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыз табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында 3 ай бұрын жоғалған 22 жастағы қыз табылды

«Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне үйден шығып кетіп, оралмаған 22 жастағы қыздың жақындары хабарласты. Оқиға Бақтыбай ауылында болған. Жақында көші-қон қызметінің мамандары іздеушілермен бірлесіп, қыздың жүрген жерін анықтай алды. Қыз көршілес Алматы облысының аудандарының бірінен табылды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департамент ақпаратына сәйкес, қазір қыз бала ата-анасына оралды. Оның неліктен үйінен кетіп, байланысқа шықпағаны белгісіз.