Жетісу облысында 3 әйел көлік апатынан мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында 3 жолаушы әйел адам көлік апатынан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Кадр из видео/instagram.com/zhetysu.police

Жол апаты «Алматы-Өскемен» тасжолының Көксу ауданы аумағында болды.

«Тойота Камри» мен «Тойота Ленд Крузер Прадо» көліктері соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты.

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көліктердің бірінің дөңгелегі жарылып, бұл екі көліктің соқтығысуына әкелген.

«ЖКО салдарынан жол талғамайтын көлік салонындағы үш жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты қатаң сақтауға және жол ережесін бұзбауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар