Жетісу облысында 6 мыңнан аса оқушы міндетті медициналық тексерумен қамтылмаған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының прокуратурасы оқушылардың құқығын қорғап, олардың тегін медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында 6 мыңнан аса оқушы міндетті медициналық тексерумен қамтылмаған

«Заңнамада медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін тегін алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыл сайынғы «Скринингтен» өту құқығы бекітілген. Бірақ, облыстың медициналық ұйымдары 6 мыңнан астам кәмелетке толмаған оқушыны міндетті медициналық тексерумен қамтыған жоқ. Осы жайтқа прокуратураның ден кою актісінің нәтижелері бойынша барлық кәмелетке толмағандар профилактикалық тексеруден өтті», - делінген Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында. Жыл басынан бері облыс прокуратурасы 10 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады.