Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп мерт болды. Қайғылы жағдай Алакөл ауданның орталығы Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп мерт болды

Полицейлер анықтағандай, тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген.

Ол баланың ата-анасына шөп жеткізген.

Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жасар бала трактордың тіркегішіне мініп алған.

«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104 бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.