Жетісу облысында бір ауылдың төрт көшесін су басып қалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында бір ауылдың төрт көшесін су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысында бір ауылдың төрт көшесін су басып қалды

«Бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны орын алды», - деп мәлімдеді ТЖМ-нан.

Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған.

Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілді.

Зардап шеккендер жоқ.