21:58, 27 Ақпан 2023 | GMT +5
Жетісу облысында дәмханада төбелескен бір топ жігіт ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысы Теректі ауылындағы дәмханалардың бірінде топ болып төбелескен жастар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Теректі ауылының тұрғындары 26 ақпан күні полицияға қоңырау шалып, топтық төбелес туралы хабарлаған. Дәмханалардың бірінде жастардан құралған екі топ бір-бірімен ерегесіп, соңы төбелеспен аяқталғаны белгілі болды.
Тәртіпсіздікке қатысы бар жеті адамның барлығы да анықталды. Олар Балпық би ауданы орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Түгелі ұсталып, міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді.
ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары басталды.