Жетісу облысында ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін Жаркент қаласы көшелерінің бірінен басында жарақаттары бар 54 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Жетісу облысында ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ер адамның басындағы жарақаттар ит тістегенге ұқсайды. Ал, жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит бары анықталды. Хайуанның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болған.

Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Ит уақытша ұйқыға жіберілді. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны анықталып жатыр.