21:18, 01 Сәуір 2023 | GMT +5
Жетісу облысында қазандық жарылып, жұмысшы мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысының Көксу ауданында қазандық жарылып, соның салдарынан жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көксу әкімдігінің Instagram парақшасындағы мәліметтерге қарағанда, 1 сәуір күні таңғы сағат 08:52-де Көксу ауданының Қазақстан ауылында қазандық жарылған. Жарылыс 22 шаршы метр аумақта болып, жұмысшы қаза тапқан.
«Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ. Жарылыстың себеп-салдары анықталу үстінде»,-деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мерт болған жұмысгы 52 жаста. Оның артында 5 баласы қалды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісу облысында газ баллоны жарылысынан 4 адам зардап шекті.