Жетісу облысында қоқыстан табылған сәбидің ісі бойынша сот процесі басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында қоқыстан табылған сәбидің ісі бойынша сот процессі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында қоқыстан табылған сәбидің ісі бойынша сот процесі басталды

Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы екі адам. Олар ағасы мен қарындасы. Яғни, қоқыстан табылған баланың 2002 жылғы анасы мен 2001 жылғы нағашы ағасы баланы өлтірді деген айыппен сотталуда.

«Екі күдіктінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша сот процессі жүріп жатыр. Сотталушылардың айыбы толықтай дәлелденсе, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Жетісу облысының Сарқан ауданының орталығында 2022 жылғы 8-ақпан күні болған. Яғни, баланың өлі денесін қоқысқа анасы мен нағашы ағасы апарып тастаған.

Бұған дейін куәгер бес жасар баланың мүрдесін қоқыстан қалай тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, кішкентайдың өлі денесі қоқыста қалай пайда болғаны белгілі болды.

18 мамыр күні Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың мәйіті қоқыстан табылғаны хабарланды.

Қазір сотталып жатқан анасы баласын 2017 жылы яғни, 15 жасында дүниеге әкелген. Тергеу жүріп жатыр.