Жетісу облысында көлік апатынан 44 жастағы ер адам мерт болып, бір адам жарақаттанды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының Алакөл ауданында көлік апатынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Үшарал-Достық» тас жолының 48-шақырымында болды. Daewoo Nexia көлігі жолдағы жылқыға соғылған. Жол апатынан 44 жастағы жолаушы қаза тапты. 41 жастағы автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізілуде.

Полиция жүргізушілерді ҚР Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы жағдайға әкеледі. Жыл басынан бері облыстың автожолдарында 126 ЖКО тіркеліп, 36 адам қаза тауып, 186 адам жарақат алды.

«Сондай-ақ, ауыл тұрғындарынан үй жануарларының көліктер көп жүретін жолдарға шығып кетпеуін қадағалауды және соның салдарынан адам өліміне әкеп соғатын жол-көлік оғиғалары орын алатынын ескеруді сұраймыз»,- делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар