Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болып, екеуі жарақаттанды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болды

Көлік апаты 24-қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған.

«Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 4-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.