Жетісу облысында көлік аударылып, 30 жастағы әйел мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында көлік аударылып, оқиға орнында 30 жастағы әйел мерт болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол көлік оқиғасы 1 шілдеде Кербұлақ ауданында тіркелді. «Сарыөзек-Көктал» тас жолының 67 шақырымында жол-көлік апаты болды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде 25 жастағы «Toyota Harrier» жүргізушісі көліктің аударылуына жол берді.
«Автокөлік салонында жүргізушімен бірге үш адам болған. Оқиға орнында 30 жастағы әйел қайтыс болды. Аяғы сынып және басқа да жарақат алған көлік жүргізушісі Сарыөзек ауылының ауруханасына жатқызылды.
Полиция көлік жүргізушілерінен жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұрайды. Есіңізде болсын, жол ережесін елемеу, қайғылы жағдайға әкеледі»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.