Жетісу облысында көлік аударылып, 61 жастағы жолаушы көз жұмды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында аударылған көліктегі бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жол-көлік оқиғасы 26 ақпан күні Панфилов ауданында болған. «Ауди-100» автокөлігі жол жиегіне аударылып кеткен.

Неміс «иномаркасын» тізгіндеген 67 жастағы ер адам «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автожолының 275 шақырымында рулге ие болмай, көліктің аударылуына жол берді.

Автомобильдің салонында төрт жолаушы болған.

Оның бірі - 1962 жылы туған жолаушы мерт болды. Қалған екеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының патрульдік және жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар