Жетісу облысында көліктің дөңгелегі жарылып, 20 жастағы мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында көліктің дөңгелегі жарылып, 20 жастағы қыз көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«BMW» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі «Алматы-Өскемен» тасжолының 192 шақырымында рульге ие бола алмай, көлік аударылған.
Оқиға орнында 20 жастағы қыз мерт болды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі мен жолаушысы Сарыозек ауруханасына жатқызылды.

«Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжануда. Құрметті жүргізушілер, өз көлігіңіздің техникалық жағдайын мұқият қадағалаңыз. Дөңгелектердегі «резеңкені» дер уақында (жыл маусымына сәйкес) ауыстырыңыз. Жол ережесі мен рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтаңыз. Автокөлікті басқару кезінде Сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз«,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.