Жетісу облысында лицензия ала алмаған кәсіпкердің құқы қорғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге лицензия беруден негізсіз бас тартқан. Антикор қызметкерлері араласқаннан кейін қызмет алушының құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге қызметті жүзеге асыру мекенжайы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін бастапқы объект жоқ екендігін дәлелдей отырып, лицензия беруден бас тартты. Департаменттің араласуымен бірлескен кездесу ұйымдастырылып, талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша «жылжымайтын мүлік тізілімі» жүйесінде ақпараттың дұрыс көрсетілмеуі, яғни қателіктер анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша кәсіпкерге тиісті лицензия берілді», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, кәсіпкер аталған мәселесі бойынша Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне және «Атамакен» кәсіпкерлер палатасы филиалына жүгінген.


Соңғы жаңалықтар
telegram