Жетісу облысында модульді дәрігерлік амбулатория ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Республика күніне орай Жетісу облысы Алакөл ауданының Еңбекші ауылында модульді дәрігерлік амбулатория халық игілігіне берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында модульді дәрігерлік амбулатория ашылды

Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған денсаулық сақтау нысанының жалпы құны 78 млн теңге.

Ғимараттың жалпы ауданы 110 шаршы метр, жеті бөлмеден тұрады. Дәрігерлік амбулатория 8 адамды жұмыспен қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жетісу облысында медициналық пункттер салынып жатқанын хабарлаған болатынбыз.