Жетісу облысында мотоцикл қаққан 11 жасар қыз бала мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында баланы мотоцикл жүргізушісі қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қайғылы оқиға 14 маусымда Ескелді ауданында болды.

Ешкіөлмес ауылында 11 жасfh қыз баланы спорттық мотоцикл қағып кетті.

Жарақатпен ауруханаға түскен жәбірленуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.

«Жол-көлік оқиғасынан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шекті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және ерекше бақылауға алынды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, полицейлер осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін азаматтарды жол ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Автокөлікті/мотоциклді басқару кезінде мұқият және сақ болуды еске салады.


Соңғы жаңалықтар