Жетісу облысында оқ-дәрілер сақталған орын анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетісу облысында көп оқ-дәрілер сақталған орын анықталды, деп хабарлайды POLISIA.KZ Телеграм арнасы.

Жетісу облысында оқ-дәрілер сақталған орын анықталды
Фото: polisia.kz

Жасырын орын Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылынан 15 шақырым жерде табылды. 729 дана 5,45 мм калибрлі патрондар әскери полигон маңындағы дала аймағында табылған металл контейнерде болды.

Полиция шалғай жерде табылған оқ-дәрілері бар темір контейнердің мән-жайын анықтап жатыр.