Жетісу облысында Сиверс алмасының тұқымын сақтап қалуға арналған фестиваль өтті

Жылдағы дәстүр бойынша Теректі өзенінің жағасында Сиверс алмасының гүлденуіне арналған фестиваль өтті. Шараның басты мақсаты – жабайы алма ағаштың осы тұқымының жойылып кетпеуіне жағдай жасау арқылы өңірдегі тау туризмін дамыту.
Тау жағалай өсетін бұл жабайы алманың түрін тек Сарқан жерінде кездестіруге болады. Бор дәуірінен осы күнге дейін сақталып келген жабайы алманың 40-қа жуық түрі Жоңғар-Алатауы табиғи ұлттық паркінің аумағында ерекше қорғалған. Бүгінде, табиғи саябақтың 38 мың гектарын жабайы Сиверс алмасы алып жатыр.


Салтанатты шара шымылдығын аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы ашып, жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, фестивальге қазақ эстрадасының жас әншілері Kalifarniya және «Қазақстан дауысы» мега жобасының қатысушысы Qanay келіп, әсем әндерінен шашу шашты.

Бүгінгі фестиваль аясында 100 түп алма ағаш көшеті отырғызылды.

