Жетісу облысында тапанша мен оқ өтпейтін арнайы қорғаныс құралдары табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында тапанша мен оқ өтпейтін арнайы қорғаныс құралдары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында тапанша мен оқ өтпейтін арнайы қорғаныс құралдары табылды

9 қарашада Текелі қаласында Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп «Макаров» жауынгерлік тапаншасын, оқ өтпейтін жилет және арнайы қорғаныс құралдарын тапты.

Тәркіленген қару баллистикалық-сот сараптамасына жіберілді. Дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар жауапкершіліктен құтылуға тырысып, оларға заңсыз түскен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді лақтырып тастайтынын атап өткіміз келеді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары заңсыз сақтауда жатқан қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар барлық азаматтардан оларды жергілікті құқық қорғау органдарына тапсыруды сұрайды. Сонымен қатар, барлық азаматтарға ҚР ҚК 287-бабына сәйкес атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске саламыз. Бұл ретте адамды ұстау кезінде, сондай-ақ оларды іздеу және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қару табылған жағдайда, бұл әрекет қаруды ерікті түрде тапсыру деп танылмайтының ескертеміз»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 228 атыс қаруы, оның ішінде 157 тапанша тәркіленді.