Жетісу облысында төрт түліктің мойнына түнде жанатын бау тағып жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында төрт түліктің мойнына түнде жанатын бау тағып жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жетісу облысында түнде жол бойында жүретін жылқылардың салдарынан көлік апаты көбейіп, олардың кейбірінің соңы кісі өліміне де әкеліп жатады. Осы жайттың алдын алу мақсатында Ақсу ауданының прокурорлары төрт түліктің мойнына түнде жанатын арнайы бау тағуды ұсынды.

Нарықта баудың бағасы 2 мың теңге тұрады. Малын көлік қағып, әбден шығынға батқан шаруалар қазір жаппай осы шараны қолға алып жатыр.

Айта кетейік, Ақсу ауданы Алматы-Өскемен тасжолының бойында орналасқан. Көлік апатының басым бөлігі Қызылағаш ауылының маңында болады екен. Түнде тура жолдың бойында тұрған жылқыларды республикалық трассада үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушілері көрмей қалып, апатқа ұшырайды.

«Биыл Ақсу ауданы аумағында 14 жол көлік оқиғасы болса, оның ішінде 11 көлік оқиғасы малды қағумен байланысты болып отыр. Былтыр осындай 15 оқиға болды. Алматы-Өскемен республикалық жолының бойында яғни, Қызылағаш пен Сағабүйен ауылдарының шаруа қожалықтарымен дөңгелек үстел өткізіліп, малдарына жарықты шағылыстыратын бауды кигізу ұсынылды. Олар ұсынысты қабылдады», - деді Ақсу ауданы прокурорының міндетін атқарушы Әділет Сабырбаев.


Соңғы жаңалықтар