Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының бөлігі жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетісу облысында «Үшарал-Достық» тасжолының бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.
«Жетісу облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) «Үшарал-Достық» тасжолының Көктұма станциясынан Достық ауылына дейінгі учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.