Жетісу облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салынады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8 700 орынға арналған заманауи талаптарға сай 10 мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектептер келесі елді мекендерде салынады деп жоспарланып отыр:

1) Алакөл ауданы Үшарал қаласында 600 орындық мектеп;

2) Алакөл ауданы Достық станциясында 600 орындық мектеп;

3) Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 600 орындық мектеп;

4) Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында 300 орындық мектеп;

5) Көксу ауданы Балпық би ауылында 600 орындық мектеп;

6) Панфилов ауданы Жаркент қаласында 1200 орындық мектеп;

7) Талдықорған қаласы «Көктал» шағын ауданында 1200 орындық мектеп;

8) Талдықорған қаласы «Шығыс» шағын ауданында 1200 орындық мектеп;

9) Талдықорған қаласы Батыс тұрғын үй ауданында 1500 орындық мектеп;

10) Талдықорған қаласы «Жастар-2» шағын ауданында 900 орындық мектеп. Нәтижесінде өңірдегі апатты мектептер саны азайып, оқушылардың тереңдетілген түрде білім алуына мол мүмкіндік жасалмақ.


Соңғы жаңалықтар