Жетісу облысында жеңіл көлік аударылып, жүргізуші көз жұмды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасы қазанның 30-нан 31-іне қараған түні Калпе ауылының маңында болды.
Жапондық Mazda Cronos автокөлігін 31 жастағы ер адам басқарған.
Машина Тельман – Калпе автожолының 8-шақырымында аударылып қалған.
Өкінішке қарай, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Жол апатынан оның екі жолаушысы зардап шекті, олар түрлі жарақатпен Үштөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды.
Дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
Тергеу ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр.
Фото: polisia.kz