Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында Үшарал-Достық автожолының 61 шақырымында болған жол апатынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

«2 наурызда Үшарал-Достық автожолының 61 шақырымында Mazda CX-7 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Volkswagen авкөлігін басып озуға әрекеттенген кезде көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегіне шығып, аударылды. Жол апатынан 55 жастағы әйел қайтыс болды»,-делінген хабарламада.

Жол апаты Алакөл ауданында тіркелді.

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталғанын жаздық.
Соңғы жаңалықтар