Жетісу облысындағы 3 ауылдың атауы өзгермек
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жетісу облысына қарасты бірнеше ауылдың атауы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, енді Панфилов ауданына қарасты келесі елді мекендердің атауы өзгереді:
- Пенжім ауылдық округі мен Пенжім ауылы – Атамекен;
- Талды ауылдық округінің Лесновка ауылы – Талды болып аталады.
Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы мына ауылдың атауы өзгереді:
- Жыланды ауылдық округінің Әшім ауылы – Төңкеріс ауылы болып өзгереді.
«Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бірлескен шешім-жобасында.
Құжат 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.