Жетісу облысының прокуратурасы 2,6 млрд теңге сомаға сатып алуды тоқтатты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының прокуратурасы 2,6 млрд теңге сомаға сатып алуды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысының прокуратурасы 2,6 млрд теңге сомаға сатып алуды тоқтатты

«Жетісу облысының прокуратурасы 2,6 млрд теңге сомаға сатып алуды тоқтатты, сондай-ақ бір көзден 85 млн теңге сомаға сатып алуды жүргізуге жол бермеді. Мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген негізгі бұзушылықтар біліктілік талаптарын асыра бағалау, сараптамасыз жұмыстар жүргізу (ол міндетті болған жерде), сатып алынатын тауарлардың атауын көрсету және т. б. фактілер болды», - деп жазды Бас прокуратурадан.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік органдардың 36 лауазымды тұлғасы 5,7 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды (толық төленді). Тәртіптік жауапкершілікке 7 лауазымды тұлға тартылды.