Жетісу өңірінде ІХ Жазғы Универсиада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетісу өңірінде ІХ Жазғы Универсиада өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Жетісу өңірінде ІХ Жазғы Универсиада өтеді

Екі жылда 1 рет еліміздегі оқу орындарының арасында  өткізілетін бұл жарыс биыл 37 спорт түрін қамтып отыр. Соның ішінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 8 түрі бойынша 178 студент қатысады.

«ІХ Жазғы Универсиадаға біздің оқу ордамыз бірінші рет қатысайын деп отыр. Осы жарысқа қатысу үшін де біз барлық стандарттарға сай болуымыз керек болды, яғни ол спортшылардың қауіпсіздігі, спорт алаңдарының универсиада шарттарына сай болуына мән бердік. Жалпы біздің студенттеріміздің 58%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады. Солардың ішінен ең мықтылары іріктелініп алынды. Универсиадаға 8 спорт түрі бойынша қатысамыз. Олар: жағажай  волейболы, самбо, еркін күрес, бокс, садақ ату, ауыр атлетика, дзюдо», - деді І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Өтегенов Ерлан.
null
null
Айта кетейік, ІХ Жазғы Универсиадасының ашылу салтанаты 11 қазанында Жастар спорт  сарайында өтеді.