Жетісу өңірінің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесуінде Жетісу өңірінің бірқатар азаматына мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
«Парасат» орденімен «Жетісу» авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Жағыпарұлы Дөңсебаев;
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Әуесхан Мажай;
«Құрмет» орденімен еңбек ардагері Әміре Әрінұлы Әрінов;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Жазылбеков және К» шаруашылық қожалығының шопаны Ардақ Абайұлы Бекчойнов;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Есімжанов» шаруашылық қожалығының төрағасы Мұхит Айтмұхамбетұлы Есімжанов;
«Шапағат» медалімен Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Светлана Петровна Минченко наградталды.

