"Жетісу" волейбол клубы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

АЛМАТЫ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Индонезияның Шығыс Ява қаласында әйелдер арасында өткен клубтық Азия чемпионатында Талдықорғанның "Жетісу" волейбол клубы 2-ші орын алды.
None
None

Ол маусымның 26-сы күні өз жалауын көтерген болатын. Оған Вьетнам, Жапония, Иран, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Тайпей және Солтүстік Корея чемпионаттарының жеңімпаздар қатысты. Тартысты өткен Тайландтың «Федербрау» командасындағы құрбыларымын сынға түскен еді. Бұл ойын 3:1 (21:25, 25:23, 25:11, 26:24) есебімен аяқталды. Бұған дейін бұл екі команда «Тайланд ханшайымы кубогы» халықаралық турнирінде кездесіп, онда да жарыс қожайындары бірінші, ал қазақстандықта екінші орын алған болатын. Клубтық Азия чемпионатында бұл жолы үздік бестікке Тайланд пен Қазақстаннан басқа, Жапония, Солтүстік Корея волейболшылары енді. Ал ондықты Оңтүстік Корея мен Индонезия спортшылары түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар