Жетісу жерінде жүзден астам ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазақ жері ежелден талай халық пен ұлысты бауырына басқан қасиетті мекен болып келеді. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге байланысты құттықтау сөзінде айтты,

Жетісу жерінде жүзден астам ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жер жаннаты ? Жетісуда жүзден астам ұлыстардың өкілдері тату-тәтті, достық пен келісімде өмір сүруде. Бұл қазақ халқының қонақжайлығы мен төзімдігін, жан жылуын, бірлікке ұмтылысын білдіреді», - деп атап көрсетті ол. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш көреген саясаты ? біздің еліміздің барлық салалардағы жетістіктерінің, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының басты негізі болып отыр. Елбасы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында да барлық қиындықтарды жеңе білудегі біздің басты күшіміз ? бірлігімізде екенін атап көрсетті. Елімізде Мамырдың 1-і - Қазақстан халқының бірлігі, достығы мерекесі ретінде аталып өтуі де бүкіл ғаламшар халқына лайықты үлгі», - деді аймақ басшысы.Серік Үмбетов Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімді, бейбітшілік пен достықты орнықтыруда зор рөл атқарып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, аймақта этномәдени бірлестіктердің ойдағыдай жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалған. Бүгінде ұлттық-мәдени орталықтар өткен жылы пайдалануға берілген бірегей Достық үйінде орын тепкен.Облыс басшысының құттықтауынан кейін орталық алаңда мерекелік шеру басталды.