Жетісуда қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысында өрттен зардап шеккен қостанайлықтар үшін гуманитарлық көмек жинау шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «AMANAT» партиясының жергілікті филиалына сілтеме жасап.

Жетісуда қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр

Партия мүшелері, еріктілер, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, көмек қолын созуға ниет білдірген азаматтар 2,5 тонна түрлі азық-түлік, киім-кешек және гигиеналық қажеттіліктегі заттарды, сондай-ақ 10 тонна қант пен 15 тонна ұн жинады. Қосымша бірыңғай арнайы шотқа 1,4 млн теңге аударылды.

Гуманитарлық көмекті қабылдау орталығы «AMANAT» партиясының аудандық және қалалық филиалдарының базасында ашылған. Сондай-ақ, осындай пункт Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында да жұмыс істейді.