Жетісуда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлері анықталды

None
Фото: Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы
ЖЕТІСУ. ҚазАқпарат – 12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында Жетісу облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлері марапатталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастармен кездесуде «Тәуелсіздік ұрпақтары – жаңа Қазақстанның басты символы» деп, жастарға үлкен сенім артқан болатын. Сол жылдан бастап Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жүзеге асырылып, жастардың жігерлі бастамаларына қолдау көрсетіліп келеді.

Биыл Жетісу облысы әкімінің қолдауымен алғаш рет «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына байқау жарияланып, мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және ІТ салалары бойынша 100-ге жуық жоба қабылданды. Соның ішінде 10 жоба қолдау тапты.

Әр жеңімпазға 3 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталды. Бұл жобалар бір жылдың ішінде жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар