Жетісулық судьялар атқа мініп, ауылдарды аралады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының судьялары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қолдап, жылқы мініп сейіл құрды. Олар бағзы заманның би-шешендері іспетті ауыл аралап, дау-дамайды шешуге барған көрініс көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан шабыт алған судьялар өңірде алғашқы болып ерекше қолдау көрсетті. Олар Президенттің жылқыны қолға үйрету мен атқа міну мәдениеті туралы ойларын қалың жұртқа және өзге де әріптестеріне терең насихаттауға кірісті. Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов бастаған бір топ судья тұлпар тізгіндеп, қазақтың игі дәстүрлерін жаңғыртты. Қазақ даласында төрелік еткен би-шешендердің ізін жалғаушы ретінде көрініс көрсетті.

Бұл бастама эстафета ретінде ұйымдастырылды. Сондықтан Жетісудың жеті өзенінің жағасында орналасқан аудандардың судьялары қолдарына бүркіт алып, жандарына тазы ерітіп, жылқыға байланысты әдет-ғұрып, дәстүрлерді екі апта бойы ел жұртқа әңгімеледі.  
null 

Облыстық сот төрағасы Мейрамбек Таймерденовтың айтуынша, жылқы қазақ үшін қасиетті жануар. «Жылқы малы әр уақытта таза жерден шөп жейді, таза жерден су ішеді. Бұл жануар алғаш қазақ даласында қолға үйретілгенін ғалымдар дәлелдеді. Қазақ батырлары атқа қонып, ұлан байтақ жерімізді сақтап қалды. Қазақтың би-шешендері жылқы мініп, ауыл аралап, ел ішіндегі дауларды шешіп, халықты бітімгершілікке шақырған. Сондықтан біз осы төрт түліктің ішіндегі Қамбар ата төлін ерекше құрметтеуіміз керек», - деп атап өтті ол.
null 

Бұл игі бастаманы Алматы облысының судьялары оңтүстіктегі әріптестеріне жолдады.

Соңғы жаңалықтар