«Жетісулық» волейболшы қыздар Ұлттық лигада төртінші рет ел чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 3-8 сәуір күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының ақтық 6-туры өтті.
None
None

Оның қорытындысы бойынша Алматы облысының «Жетісу» командасы 107 ұпай жинап, ел чемпионы атағын сақтап қалды.  Астана қаласының cпортшылары 77 ұпаймен  күміс, Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» 59 ұпаймен қола жүлдегер атанды.

Жетісулықтар осымен төртінші рет ел чемпионы атанып отыр. 2011/2012 жылғы маусымды сәтті бастаған «жетісулықтар» турнир кестесінде бірден алға шығып, өзге командалардың бәрін шаң қаптырып кеткен еді. Бабы мен бағы сай келген олардың ел біріншілігінде жеңімпаз атанатыына ешкім шүбә келтірген жоқ. Астаналықтардың көрсеткіші де жаман болған жоқ. Тек қола жүлденің иегері ғана соңғы турларға дейін Қарағанды облысының «Қарағанды» командасымен біршама бәсекелесіп келді. Ақтық сында «Жетісумен» ұпай бөліскеніне қарамастан, павлодарлықтар қарағандылықтарды қуып жете алмады. Олар қола жүлдегерден 5 ұпайға артта қалып қойды. Ал «алматылықтар» - 51, теміртаулықтар («Металлург АМТ») - 20, өскемендіктер («Шығыс-Қорғасын Құрылыс») - 10 ұпай ғана жинады.

Соңғы жаңалықтар