«Жетісулық» волейболшы қыздардың Ұлттық лигадағы жеңісті сериясына 25 ай толды

АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарда 23-27 ақпан күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командаларының ХХІ Қазақстан чемпионатындағы 4-ші тур ойындары өтті. Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «жетісулықтар» (Талдықорған) онда өзінің жеңісті сериясын жалғастырып, 16 кездесуден кейін ұпай қорын 45-ке дейін жеткізді. Олар 25 айдан бері ел чемпионатындағы 70 және ел кубогындағы 18 матчта барлық қарсыластарынан басым түсіп отыр.

«Жетісулық» волейболшы қыздардың Ұлттық лигадағы жеңісті сериясына  25 ай толды

Қазір 4 турдың қорытындысы бойынша талдықорғандықтар турнир кестесінде «астаналықтардан» - 16, павлодарлықтардан («Ертіс-Қазхром») - 24, «алматылықтардан» - 32, «қарағандылықтардан» - 33 ұпайға ұзап кетті. Енді келесі тур 21-25 наурызда Қарағандыда болады. Бұған дейін 1-2 тур 25-29 қараша мен 22-26 желтоқсан күндері Алматы қаласында, ал 3-ші тур 25-29 қаңтарда Щучинск қаласында өткен болатын.