13:54, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
«Жетісулық» волейболшылар әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатын сәтті бастады
АЛМАТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Вьетнамның Данлак қаласында кеше, 29 сәуірде волейболдан әйелдердің клубтық командалары арасында XIV Азия чемпионаты басталды.

Бұл жарыста талдықорғандық «Жетісу» тайбэйліктерді 3:1 есебімен (25-13, 25-18, 17-25, 25-23) ұтып, алғашқы 3 ұпайға қол жеткізді. «А» тобында бақ сынап жатқан олардың бүгінгі қарсыласы жарыс қожайындары -«Lienviet Postbank» командасы болса, ертең тайландықтармен күш сынасады. Егер өз тобында үздік шықса, ширек финалда «В» тобында 4-орын алған командамен кездеседі. Ал екінші орын алса, алғашқы үштікке енген қарсыласымен жұп құрайды.
Жарыстың жартылай және ақтық ойындары 4-5 мамыр күндері өтеді.