Жетісулық волейболшылар Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында қарсылас шақ келтірмеуде

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат -  Ертең Қарағандыда волейболдан  Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ХХ Қазақстан чемпионатының  5-туры аяқталады.

Жетісулық волейболшылар  Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында қарсылас шақ келтірмеуде

 6 наурызда басталған бұл бәсекеде алғашқы 5 күннің қорытындысы бойынша  Алматы облысының  «Жетісу» командасы мен Астана қаласының «Астана» командасы 9 ұпаймен көш бастап  келе жатыр. Ал Қарағанды облысының «Қарағандысында» - 8, Алматы қаласының «Алматысында» - 7, Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромында» - 5, Теміртау қаласының «Металлург АМТ» командасында - 3, ал Өскемен қаласының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысында» - 1 ұпай бар. «Жетісулықтар» енді Теміртау  мен Өскемен, павлодарлықтар  «Қарағанды» мен «Алматы» командаларымен, астаналықтар алматылықтар мен теміртаулық құрбыларымен күш сынаспақ. Қазір «Жетісуда» - 63, «Астанада» - 48, Ертіс-Қазхромда» - 36, «Қарағандыда» - 28,  «Алматыда» - 20, «Метауллург АМТ-да» - 16, «Шығыс-Қорғасын Құрылыста» - 7 ұпай бар.