Жетісулықтар 1 мамыр мерекесін сəн-салтанатпен атап өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғындары 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін кеңінен атап өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

null null
Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында алуан ұлт өкілдері өздерінің қолөнер туындыларын, мәдениетінен сыр шертетін ұлттық бұйымдарын жұрт назарына ұсынды.
null 

Мерекелік сахнада  театрландырылған көрініс қойылып, хореографиялық ұжымдары ел бірлігін паш ететін ұлттық билерді биледі. Жиналған жұртты қала әкімі Бағдат Қарасаев құттықтап, тұрғындар мен шаһар қонақтарына игі тілектерін жолдады. Қала басшысы өз құттықтауында «Татулық туын күллі әлемге желбіретіп, өзгеге үлгі болған Қазақстан халқы ынтымағының арқасында бірнеше биік  белестерді бағындырып келеді», - деп атап өтіп, Тәуелсіз Қазақстанның ашық аспаны астында бірнеше ұлт пен ұлыстың бір ананың баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Елбасы Н. Әбішұлының «Біздің бірегей жолымыз-тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек қалауымен таңдалды», - деген ойын мысалға алып, еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді - сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет деп мәлім етті.
null 

Алматы облысында 100-ден астам ұлт өкілі береке-бірлікте тұрып жатыр. 80-ге жуық этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді.
null null 

Соңғы жаңалықтар
telegram